Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд жаңартты

0
102
Гір көтеру спортынан Нұр-Сұлтан қаласының аға жаттықтырушысы Серік Абдахин

Венгрияның Будапешт қаласында гір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті. Ардагерлер арасында 73 келіге дейінге салмақта ел намысын қорғаған Серік Абдахин әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жарысқа әлемнің 32 елінен 650-ге жуық спортшы қатысты. Серік Абдахин 24 келілік екі гір тасын 10 минутта 123 рет жұлқып және 185 сермеп, жалпы қоссайыстың қорытындысы бойынша 215,5 рет көтерді. Осылайша ол өзінің 2019 жылы Сербияда өткен әлем біріншілігіндегі рекордтын жаңартты. Ал Сербияда 24 келілік екі гір тасын 205 рет көтерген болатын.

“Әлем чемпионатына 17-рет қатысуым. Соның ішінде 22 рет чемпион атандым. Соңғы рет 2019 жылы өз рекордымды жаңартқан болатынмын. Бұл жолы да әлем рекордын жаңарту бұйырыпты”, – деді Серік Абдахин.

Әлем чемпионатындағы қазақстандық спортшылардың нәтижесі:

I орын – Ақжол Жеңісханұлы (78 кг)
I орын – Самат Нұрышев (95 кг)

Қыздар арасында:
III орын – Ақмарал Зупар (68 кг)

Ұзақ цикл бойынша
I орын – Самат Нұрышев (95 кг)

Ұзақ цикл бойынша ардагерлер арасында:
I орын – Николай Куклин (85 кг)
II орын – Серік Абдахин (73 кг)
II орын – Ақжол Жеңісхан (78кг)

Жалпы командалық есепте ел құрамасы үшінші орынды иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз