Қазақстанның үздік теннисшісі Франциядағы турнирде жеңіске жетті

0
210
Александр Бублик.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик АТР Open Sud de France жарысының финалында германиялық қарсыласы Александр Зверевті жеңді. Бұл Бубліктің спорттағы ең табысты жеңісі. 

Әлемнің 35-ші Қазақстанның ең үздік теннисшісі 24 жастағы Александр Бублик Монпельеде өткен сайыста әлемдік рейтингте 3-ші тұрған неміс Александра Зверевтен екі сетте 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Жарыс 1 сағат 10 минутқа созылды. Бублик сегіз эйс, төрт брэйк жасады.

Монпельеде өткен турнир чемпионы титулы Бубликке карьерасында алғаш рет 46 мың еуро сыйақы және 250 рейтинг ұпайын берді. Бұған дейін қазақстандық ATP сериясында төрт рет финалға шыққанымен чемпион атана алмаған.

Бұл жеңісі Бубликті әлемнің 31-ші ракеткасы етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз