Бакудегі халықаралық турнирде қазақстандық үш боксшы келесі кезеңге өтті

0
87

Әзербайжанның Баку қаласында бокстан “Жібек жолы” халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші күні рингке шыққан төрт қазақ боксшының үшеуі жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, Абай Қуандықов, Сабыржан Бекбергенов және Алмасбек Әлібековтер келесі кезеңге жолдама алды.

Өкінішке қарай, Нұрлан Сабыров жарысты әрі қарай жалғастыра алмайды.

Еске сала кетейік, Бакудегі турнирге бас бапкер команданың екінші және үшінші нөмірлі боксшыларын аттандырған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз