Балалар және жасөспірім футболын дамытатын жоба іске қосылды

0
134

Қазақстанда балалар және жасөспірімдер футболын дамытатын ауқымды жоба іске қосылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.  

ҚФФ, ҚКФЛ және Freedom Holding Corp. балалар-жасөспірімдер футболының жаңа лигасы – QJ League құрылғанын жариялайды.

QJ League ұйымына 2025 жылға дейін жасөспірімдер арасында жарысты өткізу құқығы беру туралы шешім ҚФФ Атқарушы комитетінің жиынында қабылданған.

QJ League елімізде ұлттық маңызы бар жобаға айналып, бірнеше жыл ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды жастардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бермек.

18 жасқа дейінгі футболшылардан құралған 12 команда қатысатын лиганың алғашқы маусымы 22 сәуір күні басталады.

Алдағы үш жылда әртүрлі жас ерекшеліктері бойынша қатысушылар санын ұлғайту жоспарланған.

Турнир ойындарын Qazsport, Qsport және Setanta Qazaqstan республикалық спорт телеарналарынан, сондай-ақ лиганың ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз