“Барыс” жылды жеңіспен бастады

0
32
фото: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасындағы еліміздің жалғыз өкілі “Барыс” жаңа жылды сәтті бастады.

Елордалық команда Ярославлде жергілікті “Локомотив” командасын 4-5 есебімен жеңді. Негізгі уақыт 4-4 аяқталған ойында біздің команда буллит сериясында басым түсті.

Барыс 2023 жылдың соңғы ойынын да сәтті аяқтаған еді. Өз алаңымызда “Тракторды” ірі есеппен жеңген астаналықтар үшін, кешегі жеңіс қатарынан төртінші екенін еске саламыз. Бұл серия осы маусымдағы ең ұзын жеңіс сериясы. Барыс келесі ойынын 5 қаңтар сырт алаңда “Трактормен” өткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз