Елена Рыбакина әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енді

0
127
фото: olympic.kz

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің оныншы ракеткасы атанды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі MAST news телеграм арнасына сілтеме жасап.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Аустралия ашық чемпионатының нәтижесінен кейін жаңа рейтинг жариялады. Ол тізімде Қазақстанның үздік теннисшісі 25 орыннан 10 орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисші Аустралия ашық чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол финалда беларусь спортшысы Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 ұпаймен есе жіберді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз