Еуро-2020: Италия Испанияны жеңіп финалға шықты

0
304
Италия құрамасының ойыншылары. Photo: UEFA

Футболдан Италия ұлттық құрамасы жартылай финалда Испанияны жеңіп Еуропа чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. 

Лондондағы “Уэмбли” стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. 60-минутта Федерико Кьеза есеп ашты. Гол соғылғаннан кейін алаңға шыққан Альваро Мората 80-минутта таразы басын теңестірді.

Қос құрама да экстра-таймда есепті өзгерте алған жоқ. Испаниялықтар доп ұстау мен шабуылда ширақ ойнағанымен, Италияның тас қамалдай қорғанысын бұзып өте алған жоқ.

Матч соңындағы пенальти сериясында Италияның асығы алшысынан түсті. Бірінші болып Локателли тепкен допты испан қақпашысы Унай Симон қайтара білді. Өз командасын алға шығарар сәтте Дани Ольмо мүлт кетті. Одан кейінгі қателікті Альваро Мората қайталады. Шабуылшы тепкен допты Доннарума дәл тосты. Шешуші сәтте Жоржиньо қателескен жоқ. Пенальти сериясында Италия 4:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Италия финалда Англия және Дания құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз