Еуро-2022: Қазақстан Украинадан жеңілді

0
311
Photo: uefa.com

Нұр-Сұлтан уақытымен 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Украинадан 3:5 есебімен жеңілді. 

Бірінші таймның 14 минутында Игита қақпасына пенальти белгіленіп, Петр Шотурма мүлт кетпеді. Үзілістен кейін шығыс еуропалықтар тағы екі гол соғып кетті. Украина тарапынан 24 минутта Игорь Корсун есепті еселесе, араға бес минут салып Михаил Зварич үшінші голдың авторы атанды.

Матчтың 33 минутында Дуглас есеп айырмасын қысқарта алды. Тіпті матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Біржан Оразов еуродағы кезекті голын салды. Үміт оты қайта жана бастағанда украиналық ойыншылар тағы да ерекшеленді. Бұл ретте Қазақстан құрамасы паркетке қақпашы Игитаның орнына бесінші ойыншыны шығарғанын айта кеткен жөн. Соған қарамастан, кездесу соңына дейін намысқа тырысқан ұлттық құрама тағы гол соқты. Төрешінің ысқырығы шалынуына 44 секунд қалғанда Біржан Оразов дубль авторы атанды. Қорытынды есеп 3:5.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатын орта жолда аяқтауына тура келді. Ал жеңіске жеткен Украина құрамасы жартылай финалда Ресей мен Грузия жеңімпазымен кездеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз