Ресейлік Федор Емельяненко ауыр салмақта Bellator 214 турнирінің финалында алғашқы секундтарда нокаутқа түсіп қалды.
Жекпе-жек Инглвудтегі (АҚШ, Калифорния штаты) Forum аренасында өтті. Емельяненкоға америкалық Райан Бейдер қарсылас болды. Кездесу бірінші секундтарда аяқталды. Бейдердің басқа жасаған дәл соққысынан ресейлік құлап қалды. Рефери жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Осылайша Бейдер екі салмақ дәрежесінде Bellator чемпионы атанды.
Айта кетейік, салмақ өлшеу рәсімінде Емельяненко (107,1) Бейдерден (103,3) ауырлау болған. Vesti.kz хабарлауынша, Гран-при жартылай финалында ресейлік америкалық Чел Сонненді нокаутқа түсірген еді, ал Бейдер отандасы Мэтт Митрионды жеңген болатын.