Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, бір бала қайтыс болды

0
137

Ақтөбенің Шалқар ауданында оқушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды. Бұл туралы аудандық аурухана бас дәрігері хабарлады.

27 қаңтар күні Ақтөбенің Шалқар қаласында оқушылар төбелесіп қалады. Оқиға мұз айдынында болған. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің хабарлауынша, бір оқушы дене жарақатынан (әлдене сұғып алған) көз жұмды.

“Жедел жәрдем шақырмай, балалардың көмегімен жеткізілді. Келген кезде жағдайы ауыр болды. Реанимациялық құтқару жүргізілгенімен, көп қан жоғалтқан. Әлденені сұғып алған жарақат. Бір бала көз жұмды”, – деп хабарлады аудандық аурухананың бас дәрігері Асқар Есмағамбетов.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл ақпарат туралы ертең толық мәлімет беретінін жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз