42 градусқа дейін аяз күтілуде

0
111
дереккөзден

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында қытымыр аяз күтілуде. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.

28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 29 қаңтар Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, кей аймақтарда 38 градусқа дейін аяз болады.

28 қаңтарда Қостанай облысында түнде 27-32 градусқа дейін аяз болады, кей жерлерде 35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

28-29 қаңтар Шығыс Қазақстан облысында түнде 28-33 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді, кей жерлерде 37-42 градус аяз болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз