Астана мен бес облыста жол жабық

0
145
дереккөзден

27 қаңтар кештен бастап Астанада, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында жол жабық. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті “Казавтодор” ЖШС-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қатты боран салдарынан әрі жол анық болмағандықтан, Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ызғыр (92-257 шақырым, Ембі-Шалқар) жолдары барлық көлік түрлері үшін жабық.

Ақмола облысы мен Астанада аяздан барлық бағыт бойынша жанармайлы және қоғамдық көліктер үшін уақытша жол жабылды.

Қарағанды облысында жанармайлы және қоғамдық көліктер үшін Алматы-Екатеринбург (Теміртау – Ақмола облысының шекарасы, 1051-1142 шақырым) бағытында жол жабық.

Ауа-райының күрт бұзылуына байланысты Павлодар облысында жанармайлы және қоғамдық көлік үшін республикалық маңызы бар Астана-Ерейментау-Шідерті (Шідерті кенті – Ақмола облысының шекарасы, 201-266 шақырым) бағытында уақытша жол жабық.

Жолаушылар көлігі және автожолдар басқарамасының ақпарына сәйкес, Батыс Қазақстанда бораннан жол айқын көрінбегендіктен, облыстық маңызы бар: Ақтау-Шыңғырлау (15-86 шақырым), Шыңғырлау – Лубенка – Лебедевка (0-104 шақырым), Фёдоровка – Ақсай (0-82 шақырым), Тасқала – Аққурай – Болашақ – РФ шекарасы (0-157 шақырым), Ақсай – Жымпиты (39-159 шақырым) жол жабық.

 

S

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз