Футзал: Қазақстан Бразилиямен қолаға таласады

0
183

30 қыркүйекте Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан мен Португалия құрамалары кездесіп, пенальти сериясынан кейін португалиялықтар финалға жолдама алды. 

Ойынның негізгі уақыты 1-1 есебімен аяқталды. Алғашқы таймда Қазақстан сапынан Біржан Оразов есеп ашты. Алайда, қарсылас құрама VAR жүйесіне жүгініп, гол саналмады. Екінші таймда алғаш болып Португалия есеп ашты. Алайда ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалған кезде Дәурен Нұрғожин есепті теңестірді.

Ережеге сай матч әрі қарай екі бес минуттық қосымша уақытпен жалғасты. Қосымша уақыттың бірінші бөлігінде Дуглас айып добынан гол соғып, Қазақстан алға шықты. Алайда екінші таймда португалиялықтар есепті теңестіре білді. Жалпы ойын 2-2 нәтижесімен аяқталды.

Пенальти сериясын қазақстандықтар бірінші бастады. Дегенмен, алғашқы соққымыз гол болмады. Осылайша пенальти сериясында португалиялықтар 5 мүмкіндіктің төртеуінде гол салса, қазақстандықтар тек үшеуінде гол соғып, 4-3 есебімен жеңілді.

Алтын медаль және қола медаль үшін ойындар 3 қазан күні өтеді. Бірінші орынға әлем чемпионатаның қазіргі чемпионы Аргентина мен Еуропа чемпионатының қазіргі чемпионы Португалия құрамалары кездеседі. Ал, Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Бразилия құрамасымен ойын өткізеді.

Ұлттық құрама осыған дейін топтық кезеңде Коста-Рика құрамасын 6-1, Литва құрамасын 3-0 есебімен жеңіп, соңғы турда Венесуэла құрамасымен тең (1-1) ойнады. Одан кейін 1/8 финалда Тайланд құрамасына жауапсыз 7 гол соғып, 1/4 финалда Иран құрамасын 3-2 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда Португалиямен тең түсті.

Тайнан
Шыңғыс Есенаманов
Дәурен Нұрғожин
Біржан Оразов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз