Футзалдан 2022 жылғы Еуропа Чемпионаты басталды

0
307
photo: kff.kz / Футзалдан 2022 жылғы Еуропа Чемпионаты

19 қаңтар сәрсенбі күні Нидерландта футзалдан ұлттық құрамалар арасындағы Еуропа чемпионаты басталды. Турнир 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында өтеді. 

Турнир А тобындағы құрамалардың матчымен басталды. 19 қаңтарда әлем чемпионы Португалия мен Сербия ойнап, 4-2 есебімен еуропалық бразилиялықтар жеңіске жетті. Ал одан кейін алаң иелері Украина құрамасын 3-2 есебімен тізе бүктірді. 

Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсететін болады. Топтағы қарсыластары Италия, Словения және Финляндия құрамалары болады. Ұлттық құрама алғашқы ойынын бүгін, 20 қаңтар сағат Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да Словенияға қарсы өткізеді.

20 қаңтар: Қазақстан – Словения
25 қаңтар: Финляндия – Қазақстан 
28 қаңтар: Қазақстан – Италия

Топтық кезеңдегі ойындар 29 қаңтарда аяқталады. 1/4 финалдық ойындар 31 қаңтар мен 1 ақпанда, жартылай финал 4 ақпанда, ал финалдық және қола медаль үшін ойындар 6 ақпанда өтеді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтан бірінші орынмен шықса 1/4 финалда А тобын екінші орынмен аяқтаған құрамамен ойнайды. Егер топтық кезеңді екінші орынмен аяқтаса А тобының үздігімен кездеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз