Футзалдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Нидерландыны жеңді

0
68
Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ойын. Photo: Akorda.kz

14 желтоқсанда футзалдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Нидерландыдан 2:0 есебімен басым түсіп Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен ойынның 1 минутында  Біржан Оразов командасын алға шығарса, 7 минутта Дуглас Джуниор есепті еселей түсті. Ойынның екінші бөлігінде гол соғылған жоқ.

Кішкентай жанкүйер. Photo: Akorda.kz

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 20 желтоқсан күні Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Румынияға қарсы өткізеді.

Еске салайық, бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ойынды тамашалауға келетінін айтқан еді. Бүгін ол халықпен бірге Үшкемпіров сарайында ұлттық құрамаға жанкүйер болды.

Матчты тамашалауға келген халық. Photo: Akorda.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз