Головкин Хопкинстің рекордын жаңарта алмады

0
88

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгінгі жекпе-жекте Бернард Хопкинстің рекордын жаңарта алмады. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өткен қызу қанды бәсекеде отандық боксшы 115-113, 115-113, 114-114 есебімен мексикалық Саул Альвареске есе жеберіп алды.

Екінші айқасты додада да барлық 12 турдан өткен жекпе-жектің қорытындысы төрешілердің шешімі бойынша Саул Альварестің жеңісімен аяқталды.

Бұл жолғы кездесуде Геннадий өзінің BA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары барлық белбеулерін бәске қойған болатын.

Алғашқы раундардан ақ бәсекелесіміз Головкинді жойқын соққылардың астына алды. Әйтсе де отандасымыз есе жібермей қарымта қайтарып отырған. Ал соңғы турларда қазақстандық боксшы басымдық танытып, үздіксіз соққылар жасағанымен төрешілер шешімді мексикалық “сары жігітке” берді.

Осылайша Геннадий Головкиннің барлық белбеулері Канелоға бұйырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз