Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Жапонияға жергілікті жұлдыз Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге аттанды. Бұл жөнінде Головкин өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Ол әлеуметтік желіде “Жақында кездескенше, Жапония!” деп қысқа хабарлама жазды.
Головкин – Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін жұдырықтасады.