Көлгінов Нұр-Сұлтан қалалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болды

0
157
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне сайланды. Бұл туралы olympic.kz сайты хабарлады. 

Әкім федерацияның сенім білдіргеніне алғыс айтып, жеңіл атлетикаға, оның инфрақұрылымына тиісті көңіл бөлінетінін жеткізді.

Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов Қазақстанда 7 жабық жеңіл атлетика манежінің құрылысы жоспарланғанын, оның бірі 2020 жылы ел астанасында ашылатынын хабарлады.

Астанада шамамен 2 000 адам тұрақты атлетикамен айналысады. Осы жылы астананың спортшылары 9 алтын, 12 күміс және 17 қола медаль иеленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз