“Канело” жайлы фильм түсіріледі

0
60
"Канело"

Бокстан орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль Альварес “Канело” (51-2-1, 35 КО) Galo Grande студиясына өз өмірін экранизациялауға келісімін берді. 

Көп сериалы деректі фильмде Альварес отбасындағы зорлық-зомбылық, ішімдікке салыну (ата-анасының ажырасуынан жас кезінде салынды) және кедейлік сияқты балалық шағындағы жайттар туралы баяндалады. Сонымен бірге боксшы жеке өмірінің құпиясын ашады. Ол алғаш 17 жасында әке атанды, қазір үш баласы бар, бірақ, ешқашан үйленген емес. Ал оның сүйіктілері арасында модельдер, тележүргізушілер, “Әлем аруы” конкурсының қатысушылары мен өзге де танымал қыздар болған.

Vesti.kz хабарлауынша, түсірілім «Канелоның» 4 мамырдағы IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобске (35-2, 29 КО) қарсы жекпе-жегіне жаттығуға кедергі болмайды.

Альварес соңғы екі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткізген. 2017 жылғы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Араға жыл салып “Канело” дәл осы жерде мексикалық төрешілер шешімімен жеңіп, GGG барлық чемпиондық белбеулерінен айрылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз