Карим Бензема “Алтын Доп” иегері атанды

0
314
photo: goal.com/gettyimages

17 қазанда France Football ұйымдастырған марапаттау рәсімінде 2022 жылғы “Алтын допты” “Реал Мадрид” футбол клубының шабуылшысы франциялық Карим Бензема жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Карим Бензема биыл клубтық дәрежеде Испания лигасын және чемпиондар лигасын жеңіп алды. Онымен қоса чемпиондар лигасында үздік сұрмерген атанды.

“Алтын доп” иегеріне дауыс беру ұпайы бойынша алғашқы ондықта:

1. Карим Бензема
2. Садио Мане
3. Кевин Де Брюйне
4. Роберт Левандовски
5. Мохамед Салах
6. Килиан Мбаппе
7. Тибо Куртуа
8. Винисиус Жуниор
9. Лука Модрич
10. Эрлинг Холланд

France Football ұйымдастырған марапаттау рәсімінде басқа да санаттар бойынша жүлдегерлер тізімі:

  • Әйелдер арасындағы “Алтын доп” иегері: Алексия Путельяс
  • Яшин Трофи (үздік қақпашы): Тибо Куртуа
  • Герд Мюллер Трофи (жылдың үздік шабуылшысы): Роберт Левандовски
  • Копа Трофи (жылдың үздік жас ойыншысы): Гави
  • Сократес Трофи (Футболдан тыс қызметі үшін – алғаш рет берілді): Садио Мане
  • Жылдың үздік клубы: Манчестер Сити
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ballon d’Or (@francefootball)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз