Катардағы әлем чемпионаты 32 құрама қатысатын соңғы турнир

0
284
November 15, 2022, DOHA, QATAR: DOHA 20221116 ..A giant replica of the FIFA World Cup trophy in front of the Khalifa International Stadiume which is one of eight stadiums in Doha that will host the FIFA Socccer World Cup in Qatar, which begins on November 20...Phooto: Jonas Ekstromer / TT / kod 10030. (Credit Image: Global Look Press/Keystone Press Agency)

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 32 құрама қатысатын соңғы турнир болады. Бұдан кейін жарысқа 48 құрама қатысатын болады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 2026 жылы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді деп жоспарланған. Осы үш мемлекет әлем чемпионатын өткізуші ел болғандықтан ұлттық құрамалары әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

Бүгінге дейін 32 құрама қатысқан турнирде 8 топта 4 команда, және әр топтан үздік екі құрама плей-офф кезеңіне өтетін. Ендігі 48 құрама қатысатын болғандықтан, FIFA 2026 жылғы чемпионатты өткізуге үш түрлі жағдайдың біріне таңдау жасағалы отыр:

  1. 16 топта үш құрамадан, және үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді
  2. 12 топта төрт құрамадан, және келесі кезеңге үздік екі команда, одан бөлек үшінші орындағы ең жоғары ұпай жинағандар плей-офф кезеңіне өтеді
  3. Турнирдің барлық 48 қатысушысын екі жартыға бөлу: әрқайсысында 4 командасы бар 6 топ болады. Әр жартысының жеңімпаздары финалда кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 ойындары өтіп жатыр. Плей-офф кезеңіне Нидерланд, АҚШ, Аргентина, Аустралия, Жапония, Хорватия, Бразилия, Оңтүстік Корея, Англия, Сенегал, Франция, Польша, Марокко, Испания, Португалия және Швейцария жолдама алды. Алайда 1/8 ойындар аяқталуға жақын. 6 желтоқсанда Марокко мен Испания, Португалия мен Швейцария өз арасында мықтыны анықтап, 1/8-ді аяқтайды. Ал 1/4-те Нидерланд пен Аргентина, Хорватия мен Бразилия, Англия мен Франция және 1/8-дің соңғы ойындарындағы жеңімпаздар кездеседі. Чемпионаттың жеңімпазы 18 желтоқсан күні белгілі болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз