Әлемнің үздік шахматшысы қазақстандықтың қол сағатынан жеңілді

0
28

Қазақстандық шахматшы Әлішер Сүлейменов, Қатарда өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінде әлемнің нөмірі бірінші шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді.

Qatar Masters Open – әлемдегі ең мықты ашық турнирлердің бірі болғандықтан, оған тек 2300 және одан жоғары рейтингі бар ойыншылар қатыса алады. Биыл бұл турнирге әлемнің 44 елінен 252 шахматшы қатысып жатыр. 11 қазанда басталған турнирге 60-тан астам гроссмейстер қатысуда. Оның арасында Магнус Карлсен, Хикару Накамура және басқа да шахмат титандары бар. Турнирдің жүлде қоры 108 250 долларды құрайды.

Әлем чемпионы Магнус Карлсеннің айтуынша, ол ойын алдында Әлішердің қол сағатын көріп, зейінін жоғалтып алған.

«Бүгінгі ойында өте қатты жаншылып қалдым. Жеңіске лайық ойын көрсеткен қарсыласымды еш кінәлағым келмейді, алайда ойын басында оның қолында сағаты бар екенін көргеннен кейін зейінімді жоғалтып алдым», – деп жазды гроссмейстер әлеуметтік желіде.

23 жастағы Әлішер, Павлодар облысының тумасы. Ол, Fide рейтингі бойынша 528 орында тұр. Ал, Магнус болса 1 орында орналасқан. Ойыннан кейін бірден журналистерге сұхбат берген Әлішер, жаттықтырушысымен бірге тең нәтиженің өзі үлкен жетістік болатынын ойлағанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз