Ұлттар лигасы: Қазақстан соңғы ойынды Грузиямен өткізеді

0
201

19 қараша күні Қазақстан құрамасы Тбилисиде Ұлттар лигасының қорытынды ойынын Грузияға қарсы ойнайды.

Матч Астана уақытымен 23:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойынның басталуына жарты сағат қалғанда тікелей эфирде ойынның превьюі болады. Sports.kz хабарлауынша, Кездесу Тбилисиде 54 549 көрерменге арналған «Динамо-Арена – Борис Пайчадзе» стадионында өтеді. Тьягу Мартинш бастаған португалиялық төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Оған Луиш Кампуш пен Рикарду Сантуш, төртінші рефери – Антониу Годинью көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өткен бірінші ойында Грузия құрамасы 2:0 есебімен жеңген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз