Ұлттар лигасы топтық кезеңдегі жеңіс Қазақстанды ЕУРО-2024-ке қалай жақындатады

0
592
фото: tg/KFF team

22 қыркүйекте Ұлттар лигасының 5 турындағы матчта Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазақстан футбол құрамасы топтық кезеңнен 5 ойыннан кейін 13 ұпай жинап, еш кедергісіз келесі B тобына өтті. Қазақстан құрамасына Ұлттар лигасының С тобындағы жеңісі не береді?

Қазақстандық комментатор Петр Воликовтың хабарлауы бойынша 9 қазанда Франкфуртте ЕУРО-2024 іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Жеребеге тартылатын құрамалар Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша бекітіледі.

ЕУРО-2024 іріктеу матчтары 2023 жылдың 23 наурызынан 21 қарашасына дейін өтеді. Ұлттар Лигасының үздік командалары – A, B және C дивизиондары арасында Еуро-2024 үшін 3 жолдамаға арналған іріктеу матчы болады. Егер өз топтарының жеңімпаздары әдеттегі іріктеу арқылы ЕУРО-2024-ке өтетін болса, онда олардың орнын рейтинг бойынша кейін тұрған құрама алмастырады.

Іріктеу матчтары 4 командадан тұратын шағын турнир форматында өтеді: 2024 жылғы 21 наурызда – бір матчтық жартылай финал, 2024 жылғы 23 наурызда – финал.

Жалпы, Қазақстан құрамасының енді 2024 жылғы наурыздағы екі матчтан кейін ЕУРО-2024-ке жолдама алу мүмкіндігі пайда болды. Себебі Қазақстанның қарсыластары Грекия (өз тобында мерзімінен бұрын жеңіске жетті), жақында оған Түркия және Грузия немесе Солтүстік Македония жұптарының бірі қосылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз