Марин Томасов маусымның үздік ойыншысы атанды

0
257
Марин Томасов

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының 2021 жылғы маусымның үздік ойыншысын анықтау мақсатында лигаға қатысқан клуб басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама өткізілді. Бұл туралы pflk.kz сайты хабарлады.

Берліген дауыс қорытындысы бойынша маусымның үздік ойыншысы “Астана” футбол клубының  легионер ойыншысы  Марин Томасов атанды.

Өткен маусымнан бастап ҚКФЛ шешімімен маусымның үздік ойыншысының жүлдесіне атақты қазақстандық ойыншы, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың есімі берілді.

Хорват легионері осы маусымда «Астана» сапында барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 24 гол соғып, сонымен қатар 14 нәтижелі пас берді. Дауыстардың қорытындысы бойынша Томасов 120 ұпай жинады.

Сауалнамада екінші орынға «Қайрат» командасының шабуылшысы Вагнер Лав орналасты. Тәжірибелі бразилиялық ойыншы 71 ұпай жинады.

Үздік үштікті ел чемпионы атанған «Тобыл» командасының қақпашысы Александр Мокин қорытындылады. Тәжірибелі қақпашының 59 ұпайы бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз