Месси Астанада өтетін матчқа келуі мүмкін

0
109
дереккөзден

Қазақстан мен Аргентинаның футбол командалары 4 маусымда жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.

Сонымен қатар, «АS» газетінің хабарлауынша, бұл кездесу Астанада өтуі ықтимал.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың төртінші маусымы футболдан әлем чемпионатына қатысатын командалардың өтінім беретін соңғы күні. Сондықтан Аргентина футбол құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли аталған матчқа кең құрамды 30-35 ойыншыдан тұратын команданы немесе шағын құрамдағы 23 ойыншыны шақыруы мүмкін.

Ресейде өтетін әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы Исландия, Хорватия және Нигериямен бір топта бақ сынасатын болады.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз