Неймар «Реал Мадридтен» аптасына миллион евро талап етті

0
119

Неймар ПСЖ-ға 2017 жылы «Барселонадан» рекордты баға 222 миллион еуроға ауысып келген болатын. Бразилиялық футболшы “Барселона” құрамасында төрт жыл қатарынан ойнады.  Қазіргі уақытта “Париж-Сен-Жерменнің” құрамасында. Енді Неймар Реал Мадридке де  баруға дайын екендігін жеткізді. 

Ол үшін Бразилиялық «Корольдік клубтан» апта сайын 1,3 миллион еуро жалақы сұрады. Осыған дейін 27 жастағы шабуылшы ПСЖ-нен аптасына шамамен 700 мың еуро алды. Қазіргі уақытта «Реал Мадрид» Гарет Бэйлді босату және Неймардың өтініштерін қанағаттандыру шешімін қарастыруда.   2018-2019 маусымында Неймар ПСЖ-де 28 матч ойнады, 23 гол соқты және 13 нәтижелі пас берді.

 
 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз