Қоқыстан жасалған жаңа жейде

0
158

6 тамыз күні Нью-Йорк қаласында Испанияның «Реал Мадрид» клубы және «Адидас» компаниясы команданың 2018/19 жылғы маусымда киетін жейденің үшінші — қызғыш түсті топтамасын таныстырды.  

Жейделерді «Адидас» компаниясы әлемдік мұхиттың пластиктен ластануынан қорғау жөніндегі Parley ұйымымен бірлесе отырып шығарған. Jasqazaq.kz жазғандай жаңа типтегі жейделерді тігу үшін шикізат ретінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауларынан жиналған пластик бөтелкелер, бір реттік ыдыстар, пакеттер, т.б. қоқыстар пайдаланылған. «Біз Parley жейделерімен ойнау туралы алғаш рет 2016 жылы келісім жасасқан болатынбыз. Енді жаңа маусымда осы жейделерді пайдаланамыз. Біз қоршаған ортаның ластануы проблемасына мұқият қарауымыз қажет», — дейді клубтың институтаралық байланыстар жөніндегі директоры Эмилио Бутрагеньо. Жаңа жейделер клубтың ресми сайтында 89,95 АҚШ долларымен сатылып жатыр. Ал әйелдерге арнап тігілген нұсқасы — 79,95 доллар, балалар жейдесі 64,95 доллар тұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз