Қазақстанда жүзден аса әлем чемпионын шығарған аудан бар екенін білесіз бе?

0
409

Иә, дұрыс түсіндіңіз. Еліміздегі бір ғана ауданнан жүзден аса, нақтырағы 102 әлем чемпионы шаққан. Қалай дейсіз бе? Тарқатып айтайық. 

Біреу білсе біреу білмес, Түркістан облысы Шардара ауданында «ArmSport» деп аталатын спорт кешені бар. Онда қол күресімен кәсіби айналысуға жағдай жасалған. Негізін қалаушы Арман Қарсыбаев. 90 жылдардың басында ашылған осы кешенде қол күресінен бас аяғы 102 әлем чемпионы шығыпты. Олардың арасында қол күресінен 26-дүркін әлем чемпионы атанған америкалық Джон Брзенкті жеңіп, талай қазақстандықтардың кумиріне айналған Қыдырғали Оңғарбаев бар.

Бұдан бөлек, Дархан Нұрдәулет, Нұрмахан Ердәулет, Сарыбай Ердәулет, Талғат Ақтаев, Райхан Шымболат, Мағжан Шамиевты секілді құрыш білекті жігіттерді ерекше атап өтуге болады. 

Мәселен, Мағжан Шамиев қол күресінен 15 рет Қазақстан, 2 рет әлем чемпионы атанған. 

Қазіргі таңда осынау Шардара ауданындағы «ArmSport» клубында 2000-нан аса спортшы жаттығып жүр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз