Паралимпиада ойындарындағы алғашқы алтын

0
119
/"Қостанай ТВ"

Қазақстан алғаш рет қысқы Паралимпиада ойындарында «алтын» медальға қол жеткізді.

Шаңғышы Александр Колядин 1,5 шақырым жолды артқа тастап ел қоржынына «алтын» салды, деп хабарлайды Vesti.kz. Колядиннен 0,8 секунд артта қалған жапондық Йошихиро Нитто мәре сызығын екінші болып кескен, үшінші болып канадалық Марк Арендс  жеткен (+1,1).

Айта кетерлігі, Колядин жеңіп алған «алтын» Қазақстанға 2018 жылғы Паралимпиада ойындарындағы жүлде көрсеткішінде 15 үздіктің қатарына кіруге мүмкіндік берді.

2018 жылғы ХІІ Паралимпиада ойындары (9 наурызда бастау алған) Оңтүстік Кореядағы Пхенчанда өтуде, 18 наурызда мәресіне жетеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз