Ресей футболдан финалға шығуға жақын

0
92
Reuters

 «Санкт-Петербург» стадионындағы футболдан әлем чемпионатында Ресей құрамасы қарсыласы Мысыр құрамасын матчтың екінші кезеңінде 3:1 есебімен жеңіп кетті.

Аталған жеңістің арқасында Ресей құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. 20 маусымда Уругвай Сауд Арабиясы құрамасынан жеңіліс таппаса, Ресей топтан шығады. Dw.com басылымы таратқан ақпарға сәйкес, ресейліктер әзірге посткеңестік тарихында мундиалдың плей-офф кезеңіне шыққан емес.

Ресей-Мысыр құрамаларының тартысты ойынында барлық голдар матчтың екінші кезеңінде соғылды. Екінші тайм басталған сәтте мысырлық қорғаушы Ахмет Фатхи өз құрамасының қақпасына доп өткізіп алды. Бұған дейін Ресей құрамасы Сауд Арабиясы құрамасымен болған ойында саудиялықтарды 5:0 есебімен ұтқан еді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз