Сәкен Бибосынов жартылай финалда британиялық Жалал Яфаймен кездеседі

0
406
Сәкен Бибосынов

3 тамыз күні Токио Олимпиадасында 52 кило салмақ дәрежесінде ширек финалда Сәкен Бибосынов төрешілердің (3:2) шешімімен испаниялық Габриель Эскобарды жеңіп, жартылай финалға шықты.

Сәкен 5 тамызда финалға жолдама үшін британиялық Джалал Яфаймен бақ сынасады. Осылайша, боксшы Сәкен Бибосынов Қазақстанға тағы бір медаль әперетініне сенімді. Себебі ол жартылай финалда жеңіліс тапсада қола медальға ие болады.

Айта кетейік, Сәкен 1/8 кезеңде Әлем чемпионатының қола жүлдегері франциялық Билал Беннамды сенімді (5:0) жеңсе, 1/16 кезеңде пуэрто-риколық Янкьель Ривера Фигероаны (4:1) тізе бүктірген болатын.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз