Семейде дүниеге келген танымал боксшы Гарвард университетінде дәріс оқиды

0
108

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко АҚШ-тың Гарвард университетінде ұстаздық етеді. Бұл туралы оның бауыры, Киев қаласының мэрі Виталий Кличко «Бабель»  басылымына берген сұхбатында мәлім етті.

Ол өз сөзінде Владимир әлемдегі беделді университеттердің бірінде менеджмент бойынша лекция оқитындығын айтты. «Ол шынында да жақсы менеджер. Владимир үш -төрт жылдан бері швейцариялық Санкт-Галлена университетінде дәріс оқиды. Биыл оған Гарвардта дәріс оқуға ұсыныс түсті. Владимир келісімін берді»,- деді бауыры.

Владимир Кличко кәсіпқой бокстағы карьерасын соңғы екі жекпе-жекте жеңілген соң аяқтаған. Ол 12 жыл бойы ауыр салмақта чемпиондық атақты ұстап тұрған жалғыз боксшы. Бұл ауыр салмақ дивизионы тарихындағы ең үздік көрсеткіш.

Айта кетейік, Владимир Кличко Қазақстанның ШҚО Семей қаласында дүниеге келген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз