Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

0
402
Серік Сәпиев

Оқи отырыңыз: Екі жыл депутат болған боксшы қызметтен бас тартты

30 қаңтар күні бокстан Олимпиада чемпионы, ҚР Мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай facebook парақшасында жазды. 

“Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне Серік Сәпиев тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Серік Сәпиевтің депутаттықтан бас тарту жөніндегі ұсынысы бүгін ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында оқылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз