Шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер Гран-приінде екінші болды

0
120
Photo: Ismael Nieto

Нью-Делиде өткен әйелдер Гран-приінің финалдық нәтижесі бойынша үздік үш үміткер алты ұпаймен тең түсті. Тай-брейктен кейін ресейлік Александр Горячкина бірінші орынды, Бибісара Асаубаева екінші орынды, ал қытайлық Чжу Цзинер үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі FIDE ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнир ережесіне сәйкес барлық WGP(Әйелдер Гран-приі) ұпайы мен жүлде ақшалары ұпай сандары бірдей ойыншылар арасында тең бөлінген. Яғни Горячкина, Асаубаева және Чжу әрқайсысы 12 333 еуро және 133 ұпай алғанын білдіреді.

Нью-Делидегі турнир, әйелдер Гран-приін (WGP) құрайтын төрт серияның үшіншісі болды. Серияға барлығы 16 ойыншы қатысады, олардың әрқайсысы төрт турнирдің үшеуіне қатыса алады. Сериядағы ең көп ұпай жинаған екі шахматшы 2023-24 жылдардағы әйелдер арасындағы ФИДЕ үміткерлерінің турниріне (FIDE Women Candidates Tournament) қатысуға құқылы болады.

Астанада өткен Гран-приде 30 ұпай жинаған Бибісара, Нью-Делиден 133 ұпай алды. Бибісара әзірге екі турнир қорытындысы бойынша 163 ұпаймен 6 орында тұр. Ал, екінші қазақстандық шахматшы Әбдумәлік Жансая төртінші жарысына қатыспады. Ол, 145 ұпаймен 8 орында тұр.

Гран-при әйелдер цикліндегі келесі және соңғы жарыс 15-28 мамыр аралығында Кипрде өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз