Таэквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық жарыста топ жарды

0
152

Қазақстан құрамасы Пәкістанда өткен «2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships» халықаралық турнирінің командалық есебінде бірінші орынға ие болды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

Исламабадта өткен халықаралық таэквондо турнирінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс алды. Жалпы G-1 дәрежесіндегі сайыста түрлі елдерден 500-ден астам атлет қатысып, 16 медаль ойнатылды.

Сайыс өткен елден бөлек, турнирге Ауғанстан, Албания, Непал, Иордания, Қазақстан, Оман, Мысыр, Иран, Түркия, Марокко, Біріккен Араб Әмірліктері, Сальвадор, Хорватияның үздік спортшылары қатысты.

Қазақстан құрамасынан медаль иеленгендер:

  1. Айдана Еділбаева (46 келіге дейін)
  2. Нұрай Бауыржанова (49 кг)
  3. Жадыра Хайруллина (62 кг)
  4. Нұрай Хусайнова (67 кг)
  5. Джансель Дениз (73 кг)
  6. Айгүл Елубай (73 кг)
  7. Диана Әбсенова (62 кг, күміс)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз