Токиоға қазақстандық олимпиадашылардың екінші легі ұшып келді

0
889
Токио олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшылар. Photo: Olympic.kz

29 шілде күні қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді.  Делегация құрамында 44 адам бар, оның ішінде 23 спортшы, жаттықтырушылар, күрделі ғылыми топтардың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.  

Спортшылар қатарында еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика мен жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері келген.

“Аман-есен ұшып келдік. Олимпиадалық ауылдағы қазақстандық спортшылар қатарына қосылғанша асықтық. Дайындық пен спортшылардың қалпына келуіне уақыт жетеді деп ойлаймын. Біздің атлеттер Олимпиада ойындарына қарқынды дайындалып, ерекше жігерленіп келді”, – дедді Гюзель Манюрова. 

Жапонияға келген соң спортшылар мен жаттықтырушылар карантин аймағында болған. Одан кейін чартерлік рейспен Токиоға жеткен.

Жеңіл атлетика бойынша бәсеке 30 шілдеде басталады. Әйелдер 100 метр қашықтық пен үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Жарыс жолына Ольга Рыпакова да шығады. Ол қазіргі уақытта Токиода жаттығып жатыр.

Сондай-ақ, Ольга Сафронова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова да бақ сынайды. Ерлер арасында 400 метр қашықтық бойынша Михаил Литвин 1 тамызда жарысқа қосылады. 1 тамыздан бастап Эльмира Сыздықова бастаған бұрымды балуандар мен грек-рим  күресінің шебері Мейрамбек Айнағұлов белдеседі.

2 тамызда әртістік жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер, 5 тамызда қазіргі бессайыс бойынша Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко, 6 тамызда көркем гимнастикадан Алина Әділханова өнер көрсетеді.

28 шілдедегі нәтиже бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында олимпиада ойындарының үш қола медальі бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов және ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ұтып алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз