Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтеді

0
163
Photo: FRANCK ROBICHON EFE

23 шілдеде Жапония астанасы Токиода басталатын Олимпиада ойындарына көрермендер қатыса алмайды. Бұл туралы елдің Олимпиада істері бойынша министрі Тамаё Марукава мәлімдеді.

Марукаваның сөзінше, мұндай шешім коронавирустың “дельта” деп аталатын жаңа штамының жайылуына байланысты қабылданған.

“Көрермендер бас қаланың сыртында өтетін бірқатар жарыстарға кіргізілуі мүмкін. Ол бойынша шешімді аймақ билігі қабылдайды” деді министр.

Бұған дейін жапон үкіметі ойындардың ашылу салтанатын көрерменсіз өткізу және жарыстарға он мыңнан аспайтын жергілікті тұрғындарды кіргізу жөнінде шешім қабылдаған.

Өткен жылы коронавирус пандемиясынан кейінге шегерілген Олимпиада ойындары биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз