WBO: Қанат Ислам жеңіске жету үшін барын салды

0
220
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам. Photo: whoboxing.com

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Қанат Исламның намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңуіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жеткен болатын. Ол бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы титулын ұтты. Бұл жекпе-жектен соң WBO боксшыны рейтингте көтеретін болды.

“Ислам – WBO рейтингінде сегізінші орында, ол көтерілуі тиіс. Бұл Қанаттың үздік өнер көрсетуі емес, бірақ ол төрешілер шешімімен жеңіске жету үшін барын салды”, – деді WBO. 

Қазақстандық жанкүйерлердің ішінде төрешілердің шешімімен келіспегендер болды. Әлеуметтік желіде пікір жазып жатқандардың көпшілігі бұл жолғы жекпе-жекте Қанат жеңіліп қалды деп есептейді, жеңісті Каутондокваға беру керек еді.

Айта кетейік, 35 жастағы Қанат Ислам үшін бұл 27-ші жеңіс. Ол осы күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Уолтер Каутондоква екінші рет жеңілді. Былтыр ол америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) өткен жекпе-жекте қарсыласына есе жіберген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз