Жансая Әбдімәлік шахмат олимпиадасында қола медаль иеленді

0
461
Жансая Әбдімәлік. Photo: chesswood.ru

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды.

Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды.

Әйелдер құрамасы: 

Жансая Әбдімәлік (22 жаста) — бірінші тақта, 3-орын;

Бибісара Асаубаева (18 жаста) — екінші тақта, 4-орын;

Ксения Балабаева (17 жаста) — үшінші тақта, 16-орын;

Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) — төртінші тақта, 11-орын;

Назерке Нұрғали (18 жаста) — бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады.

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы 17 матч бойынша ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс).

Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орын алды. Олимпиададағы ел шахматшылары – орта жастағы ең жас командалардың бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз