Иранға салынған санкциялар түрік лирасын құлдыратуда

0
175

Егер АҚШ президенті Иранға қарсы мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеліп соқтыратын санкцияларын одан әрі кеңейтуге шешім қабылдаса, түрік лирасы құлдыраудың ең төменгі деңгейге жетуі ықтимал. 

Brent маркалы мұнайдың бір барреліне 75-тен 80-85 долларға дейін көтерілсе, Лира, швейцариялық франк пен йенамен бірге әлсіреуі мүмкін. Бұл туралы Mk-Turkey Danske Bank экономисі Йенс Педерсенге сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары 12 мамырда аяқталуы тиіс болатын. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбіде Иранға қарсы санкцияларын қайта күшейтетінін мәімдеді.

Айта кетейік, өткен аптада түріктің ұлттық валютасы АҚШ долларына шаққандағы бағасы 4,29-ды құрап, 5%-ға төмендеді. Биылғы жылы түрік лирасы шамамен 10%-ға құнын жоғалтты.

Түркияның ұлттық валютасы жұма күні бір долларға шаққанда 4.31-ді құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз