Газа секторындағы наразылық шерулері шиеленісе түсті

0
218

Израиль шекарасында орналасқан Газа секторындағы шиеленіс әлі де тоқтар емес. Жұма күні палестиналықтар мен Израиль сарбаздары арасында тағы да қақтығыс орын алды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

14 мамырда АҚШ-тың өз елшілігін ресми түрде Иерусалимге ауыстыруына байланысты палестиналықтар тарапынан ең үлкен наразылықтар болады деп күтілуде. Сонымен қоса, 15 мамыр полестиналықтар «Нагба күнін» (апат күні) атап өтеді.

Палестиналықтар Ақүйдің шешімі бойынша Иерусалимді Израильдің астанасы деп тануына қарсы шығып наразылық шеруін ұйымдастыруды талап етуде. Олар ХАМАС қозғалысының ұйымдастыруымен Газа секторының блокадасына 2 миллион халықпен Ақүйдің шешіміне қарсы шығуды жоспарға алған.

ХАМАС қозғалысы басшылығының хабарлауынша 14-15 мамыр наразылық шеруіне бірнеше 10 мыңдаған палестиналықтар шығатын болады.

Газа секторындағы палестиналықтар мен Израиль әскерінің арасындағы қақтығыстар наурыз айының соңында ХАМАС қозғалысының ұйымдастыруымен басталған болатын. Осы уақыт аралығында ондаған палестиналық қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз