“Қашан бұйрық берілсе сол кезде қызметтен кетемін” – Қасымов

0
132

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тілшілердің қойған сауалдарына жауап берді.

Министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап бере отырып екі ай бұрын кісі қолынан қаза тапқан Қазақстанның белгілі мәнерлеп сыранаушысы, әлем чемпионы Денис Теннің өліміне қатысты тергеу жұмыстары туралы баяндады.

«Денис Тенге қатысты екі қылмыскерге ұрлық, төбелес және өлтіру бабы бойынша айып тағылды. Ал әйелге қылмысты жасырды деген айып тағылды. Іс жақын арада, қыркүйек айының соңына дейін сотқа жіберіледі », – деді министр.

Айта кетейік, Денис Тен 19 шілде кісі қолынан қаза тапқаннан кейін қараша халық пен халық белсенділері ҚР Ішкі ітер министрі Қалмұханбет Қасымовтың өз еркімен қызметтен кетуін талап еткен болатын. Осы мәселеге байланысты баспасөз мәжілісінде министр өзіне қатысты “Қызметтен қашан кетесіз” деген сауалға

– «Біз әскери қызметкерлерміз. Қашан бұйрық берілсе сол мезетте қызметтен кетемін!», деп жауап берді. 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз