Қазақстанда 18 мамырдан бастап мешіттер ашылады

0
211
photo: muftyat.kz

Қазақстанда 18 мамырдан бастап мешіттер ашылады. Бұл туралы премьер-министр сайты хабарлады.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданған.

“18 мамырдан бастап ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып, санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда 15 наурызда жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды.

Халық екі айға жуық уақыт мешітке бара алмаған. Коронавирустың таралуына жол бермес үшін жамағатпен оқылатын намаздарға шектеу қойылды. Мешіттерде ауызашар беруге тыйым салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз