Қазақстанда “тыныштық режимінің” уақыты өзгерді

0
252
Photo: tengrinews.kz

Қазақстанда жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін “тыныштық режимі” болады. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында белгілі болды.

Осы уақыт аралығында шу шығарғандар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша жазаланады.

Айыппұл мөлшері төмендегідей:

  • жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК мөлшерінде (13 890 теңге);
  • шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін – 10 АЕК (27 780 теңге);
  • орта бизнес үшін – 15 АЕК (41 670 теңге);
  • ірі бизнес үшін – 50 АЕК (138,9 мың теңге).

Бір жыл ішінде тыныштық режимін бірнеше рет бұзған жағдайда айыппұл мөлшері екі есеге артады.

Мәжіліс сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзету енгізді.

Оған сәйкес, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 10-нан 100 АЕК-ке (277 800 теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бірнеше рет бұзылған жағдайда, бұзушыдан 200 АЕК (555 600 теңге) көлемінде айыппұл төлеу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу талап етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз