ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

0
147
Photo: edu.org.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл ҰБТ-ға қатысуға 131 471 талапкер өтініш білдірген. Оның  111 017-сі мектеп түлектері, 20 454-і колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.

ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілген.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматы емес алайда ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген талапкерлер үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз