Жылдың маңызды шарасы – Астананың 20 жылдығы

0
95
дереккөзден

Елбасы 5 сәуірде өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Астананың 20 жылдығын атап өтудің маңыздылығын айтып, шараға салмақты қарауды тапсырды.

Астананың 20 жылдығына байланысты шараларға салмақты қарауды тапсырған Мемлекет басшысы қала әкімі Әсет Исекешовке «Барлық шараны бүкіл маусым айында өтетіндей етіп жоспарлау керек. Ең болмағанда, 15 маусымнан басталуы тиіс. Күн сайын бір шара өтуі керек», – деп тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы:

«Біз барлығымыз мерекені жақсы көреміз. Қазақ той десе ішкен асын жерге тастап жүгіретін халықпыз ғой. Сондықтан, жай ғана шуға толы етіп өткізу маңызды емес, барлық облыс қатысқысы келетінін білемін.

Мұның барлығы бір арнада болуы керек және бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Облыстарға аса қатты жүктеме жасаудың да қажеті жоқ, елорда үшін қолынан келгенін жасайды да. Бірақ, бұл маңызы бар жоба болуы керек.

Жай ғана ескерткіш орнату емес. Қала үшін маңызы бар болсын. Көшелер, бақшалар, саябақтар, қандай да бір нысандар. Мүмкін барлығы жиналып бір мектеп салып берер. Сондықтан, бұл шараға салмақты қарау керек»

, – деп ескерту жасады.

Өз кезегінде әкім елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік шаралардың мамыр айынан бастау алатынын хабардар етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз