Мексика президенті АҚШ-пен келіссөзге келу шартын атады

0
73
/Мексика президенті әкімшілігі

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето бейсенбіде мемлекет АҚШ-пен өзара құрмет негізінде диалогқа түсуге дайын екендіктерін жеткізді.

«Біз келіссөздерге дайынбыз, тек екіжақты құрмет негізінде. Біз келіссөздерден қорықпаймыз, бірақ ешуақытта келіссөздерге қорқыныштан бармаймыз», – деп мәлімдеді П. Ньето.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, П. Ньето Мексика екіжақты қарым-қатынастарда теріс риторикамен анықталатын әрекеттерге жол бермейтіндігін алға тартқан.

Сондай-ақ, Мексика президенті АҚШ президенті Трампқа оның соңғы жасаған мәлімдемелері елдің ішкі саясаты, заңдары мен конгресі тарапынан сәтсіздікке ұшыраса онда мекискалықтарға шүйлігудің қажетті жоқтығын алға тартты. Сондай-ақ келіссөздер қажет болса, Мексика өзара диалогқа әрдайым дайын екендерін атап өтті.


Бұған дейін Трамп АҚШ-тың қорғаныс және ішкі қауіпсіздік министрлігіне Мексика шекарасына Ұлттық гвардияны бақылауға жіберу қажеттігін міндеттеген еді, бұл шешім Мексикада теріс реакция тудырды. Сонымен қатар АҚШ президенті егер Мексика заңсыз мигранттарға қатысты шара қолданбайтын болса, Құрама штаттар Солтүстікамерикалық еркін сауда алаңы келісімін тәрк ететіндерін айтып, сес көрсетті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз