Министр Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады

0
530

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланы атады.

“Барлығымызды негізгі экологиялық проблемала — ауаның ластануы және жер үсті суларының ластануы алаңдатады. Қалдықтарды басқарудың жетілдірілмеген жүйесі, тарихи ластану, көгалдандырудың болмауы ауаның ластануына алып келеді”, – деді министр.

Мырзағалиев 2019 жылы атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 10 қалада ауа ластануының жоғарғы деңгейі байқалғанын айтты.

“Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сонымен қатар, ластаушы заттардың Павлодар облысында да көп екені анықталған”, – деді Мырзағалиев.

АТАЛҒАН ҚАЛАЛАРДЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Министр Алматы қаласының экологиясын жақсарту үшін жол картасында жиырма 20 іс-шара қарастырылғанын айтты.

Сонымен қатар, жел режиміне зерттеу жүргізу мен соны ескере отырып, сәулет келбеті ережелеріне өзгерістер енгізу және құрылыстың бас жоспарларын түзету де көзделген екен.

Мырзағалиевтің айтуынша, жол картасын іске асыру нәтижесінде ауаға тарайтын ластаушы заттардың көлемі 144 мың тоннадан 79,5 мың тоннаға дейін немесе 44%-ке азаяды. Яғни атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден (8) орта деңгейге (6) дейін төмендейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз