Нұр-Сұлтан тұрғыны алғаш рет үйіне газ қосты

0
129
photo: Нұр-Сұлтан әкімдігі

11 қараша күні астанадағы Железнодорожный елді мекенінің (Алматы ауданы) тұрғыны алғаш рет үйіне газ қосты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлады.

  • Железнодорожный елді мекенінде қазіргі таңда 700-ден астам тұрғын техникалық шарт алды;
  • Фронт-кеңселерде 3 мыңнан астам адам кеңес алды;
  • Газдың бір текше метрінің бағасы  34,6 теңгені.

 “Бізге бір түнде 20-ға жуық көршіміз келіп, қарап, қызығушылық танытты. Әуелде көмірден газға ауысуға болатындығына сенімсіздік болды. Қазір бәрі өте қуанышты. Туыстарымыз жазып, қоңырау шалып, газға қосылғанымызбен құттықтап жатыр.”-деді газ қондырған алғашқы үйдің тұрғындары.

Бұдан бөлек Агроқалашық елді мекенінің бір бөлігі, Промышленный, Көктал-2 елді мекендері де жыл соңына дейін үйлеріне газ қондыруға дайындалуда. Қазіргі таңда қажетті құрылыс жұмыстары аяқталып, сынақ деңгейінен өтіп жатыр.

Ішкі газ жүйесінің қауіпсіздігін анықтау үшін  Республика даңғылы, 24 мекен-жайы бойынша “Парасат” бизнес орталығы “Қазтрансгаз Аймақ” АҚ кеңсесіне хабарласу қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз